Балдырлар негізіндегі өнім Көп бағыттағы емдік-профилактикалық әсері бар 100% табиғи биоөнім ББҚ және дәрілік құрал болып табылмайды

Алматыда қалқанша безі ауруларының алдын алу және емдеу

Алматыда қалқанша безін дұрыс емдеуді қалай таңдауға болады және неге назар аудару қажет? Қандай да бір емдеу түрін таңдаған кезде ауру себептері, ағзаның ерекшеліктері, ілеспе аурулардың болуы, өмір сүру салты мен басқа секілді көптеген факторларды ескеру қажет.

Алматыда қалқанша безі ауруларының алдын алу және емдеу бойынша ұсыныстар

Өлшемі бойынша кішігірім келетін, бар болғаны 20 грамм болатын қалқанша безі ағзаның жұмысында өте маңызды рөл атқарады – ол біздің зат алмасуды, ұйқыны және көптеген басқа да үдерістерді реттейтін гормондар бөледі. Осы себепке байланысты қалқанша безінің кез келген аурулары көптеген мәселелерді тудырады және бүкіл ағзада бірден көрінеді.

Қалқанша безімен байланысты көптеген мәселелер йод тапшылығын тудырады және егер де сіз осы маңызды элементті профилактикалық түрде қабылдасаңыз, сізде болашақта Алматыда қалқанша безін емдеу мәселесі туындамайды.

Ересек адамның йодқа тәуліктік қажеттілігі аз ғана – бар болғаны 100-200 мкг. Бірақ біздің рационда йодтың осындай мөлшері де жоқ болуы мүмкін. Сонымен қатар, йодтың көп бөлігі біз тамақты дайындағанда, жылумен өңдегенде жойылады. Мысалы, балық пен етті қайнатқан кезде шамамен 50% йодты жоғалтады, сүтті қайнатқаннан кейін 25%-ға аз йод қалады, ал пісірілген картопта шикі картопқа қарағанда 30-40%-ға аз йод болады. Ең дұрыс шешім – өзіңіздің рационыңызға теңіз өнімдерін, әсіресе, теңіз орамжапырағын (ламинарияны) қосу – одан сіздің йод қорларыңызды толтыратын дәмді әрі қарапайым салат жасауға болады. Қазіргі таңда Алматыда балдырлар мен балдырлардан жасалған өнімді еш қиындықсыз сатып алуға болады – оны қалқанша безінің саулығы үшін өзіңіздің рационыңызға тұрақты түрде қосып отырыңыз.

Алматыда қалқанша безін емдеуде балдырларды қолдану

Қалқанша безінің аурулары қазіргі кезде әр түрлі тәсілдермен емделеді:
гормондық дәрілерді қабылдау, хирургиялық араласу, физиотерапия. Емдеу қандай болса да, қалқанша безі йод тапшылығын толтыруға мұқтаж. Кейбір жағдайларда йодты қолдану қалқанша безі функцияларының өздігінен қалпына келуіне және қалпына келтіруге әкеледі. Ертеден бері адамдар балдырлармен жемсауды тиімді түрде емдеді – олар қалқанша безінің саулығын қолдауға қабілетті ең қолжетімді әрі тиімді өнімдердің бірі болып қала береді. Теңіз балдырлары (немесе ламинариялар) – йод тапшылығының алдын алуға арналған ең пайдалы әрі тиімді өнім, сонымен қатар ол өте қолжетімді – Алматыда ламинария жыл бойы қолжетімді бағада сатылады.

Теңіз балдырларында йодтың көп мөлшері бар, сондықтан, оны қалқанша безін емдеуде рационға қосу ұсынылады. Бар болғаны 100 грамм құрғақ ламинарияда 160-тан 800 мг йод бар, сонымен қатар, теңіз орамжапырағы монойодтирозин мен дийодтирозин – қалқанша безінің тінінде болатын белсенді емес гормондық заттарды қамтиды. Теңіз орамжапырағы йодты қамтып қана қоймайды – онда осы йодты сіңіруге көмектесетін биологиялық белсенді заттарды, сондай-ақ, алмасу үдерістері үшін маңызды микро- және макроэлементтер (молибден, кобальт, мыс) пен дәрумендерді қамтиды. Осылайша, теңіз балдырлары ағзадағы йод деңгейін арттыруға арналған қолжетімді тиімді құрал болып табылады, оларды рационға қосу Алматыда қалқанша безін емдеуді жылдамдата алады. Біз сізге БАРЛЫҒЫ ЛАМИНАРИН ТУРАЛЫ бөлімінде келтірілген балдырлардан жасалған жоғары сапалы өнімді ұсынамыз.

Тапсырыс беру