Балдырлар негізіндегі өнім Көп бағыттағы емдік-профилактикалық әсері бар 100% табиғи биоөнім ББҚ және дәрілік құрал болып табылмайды

Ламинарин туралы пікірлер

Балдырлар біздің рационға бар болғаны бірнеше он жыл бұрын ғана енді. Біз оларды күн сайын тұтынуымыз қызықты, бірақ біз мұны байқамаймыз. Себебі, балмұздақтың, зефирдің, мармеладтың құрамында ос ытеңіз шөбінен алынатын альгин қышқылдары бар. Ол өзінің құрамына байланысты адам ағзасы үшін ерекше пайдалы. Онда калий, бром, марганец, бор, А провитамині, С мен Е дәрумендері, В тобының бірқатар дәрумендері бар. Әсіресе, бұл табиғи емдік дәрі йодтың жоғары мөлшерімен әйгілі.

Йод – адамның иммунитеті үшін негізгі элементтердің бірі.

Ол ағзаға вирусқа қарсы және бактерияға қарсы күшті әсер етеді, қалқанша безі гормондарының синтезін жақсартады. Бұл микролемент вирустармен жасуша-фагоциттерді қалыптастыру үдерісіне қатысу есебінен күреседі, ал осы жасушалар адамды аурулардан қорғайды. Йодтың мөлшері бойынша бұл өсімдік грек жаңғақтары, құрма мен тіпті йодталған тұз секілді осы элемент-тің танымал көздерімен таласа алады.

Тұздағы йодқа қарағанда бұл йод – органикалық. Балдырларды ұтымды тұтыну барлық ағзаның қызмет етуіне жағымды әсер ететіндігін айта кету қажет. Ондағы кальций сүйектерді нығайтады, фосфор жүйке жүйесінің жасушаларын құруда белсенді қатысады, магнийдің болуы қартаюды баяулатады және тіндердің регенерациясын арттырады. Өсімдіктің құрамындағы алюминий стресс пен күшті психологиялық жүктемелер кезінде пайдалы.

 

Тапсырыс беру