Балдырлар негізіндегі өнім Көп бағыттағы емдік-профилактикалық әсері бар 100% табиғи биоөнім ББҚ және дәрілік құрал болып табылмайды

Бұл қызықты

Теңіз қоңыр балдырлары

Балдырлар теңіз суынан алу қабілетіне және көптеген элементтерді аккумуляциялау қабілетіне ие.

Ламинарий балдырларындағы магний концентрациясы теңіз суында 9-10 есе, күкіртті 17 есе арттырады. Балдырлардың тағамдық және физиологиялық құндылығы оларда органикалық және минералды компоненттердің кең спектрінің болуымен анықталады. Қоңыр балдырлар альгин қышқылдарын (15-40%), фукоидандарды (2,5-13,6%), ламинаранды (1-20%), маннитті (10-24%), ақуыздарды (5-16,9%); липидтерді (1-3%), соның ішінде (w3)-линоленді, эйкозапентаенді омега-3 тобының май қышқылдарын, пигменттер мен дәрумендерді, өте қажет макро- және микроэлементтер кешенін: Ca2, K+1, Mg+2, Na+1, Fe+2, Cu+2, Zn+2, Mo+2, Mn+2, Co+2, Se+2 және йодты қамтитын полиқаныққан май қышқылдарын қамтиды.

Ламинарияда эластикалық тері талшықтарының құрамына кіретін амин қышқылы пролин (Pro), глицин (Gly) және лейцин (Leu) бар.

Сонымен қатар, аспаргин (Asp), теронин (Thr), серин (Ser), глутамин (Glu), аланин (Ala), цистин (Cys), валин (Val), метионин (Met), изолейцин (Ile), фенилаланин (Phe), лизин (Lys), аргинин (Arg), гистидин (His), тирозин (Tyr) бар.

Теңіз балдырлары – бұл қысқа уақыт ішінде қалыптасқан экологиялық жүйелер жағдайларында тіршілік ету үшін күрес пен эволюцияға байланысты қалыптасқан алуантүрлі биологиялық белсенді заттар (ББЗ) мен белгілі бір физиологиялық функцияларды орындайтын ірі биомассаны қалыптастыруға, химиялық қосылыстарды синтездеуге қабілетті ерекше шикізат.

Балдырлар кейбір химиялық элементтердің мөлшері бойынша жер үсті өсімдіктерінен басым түседі, ал йодтың ламинариядағы мөлшері жер үсті флорасына қарағанда бірнеше мың есеге артық.

Макрофиттердің емдік қасиеттерін йод тапшылығының алдын алуда қолдану міндеті зат алмасу ауруларының жаппай таралуымен, экологиялық жағдайдың өзгеруімен және дәрумендер мен минералды заттардың тапшылығымен байланысты өзекті болып отыр.

Йод бірқатар ферменттерді белсендендіреді, метоболизмді жақсартады, тіндердің регенерациясы мен артық сұйықтықтың шығуына ықпал етеді. Балдырлардан жасалған өнімдер құрамында басқа йодты қамтитын дәрілерге қарағанда артықшылыққа ие, себебі, жасанды жолмен жасалған өнім тірі табиғатпен бәсекеге түсе алмайды: теңіз балдырларында йодтың мөлшері көп қана емес – олар алмасу үдерістері үшін маңызды микро- және макроэлементтердерді, осы йодтың сіңуіне көмектесетін дәрумендерді қамтиды.

Фукоидан

Фукоидан микробқа қарсы, вирусқа қарсы, бактерияға қарсы және ісікке қарсы белсенділікке ие. Ғалымдар онкожасушаларды алып, оларға фукоидан арқылы ықпал етті, жүргізілген эксперименттер нәтижесінде биологиялық түрде апатоз деп аталатын құбылысты, яғни ісік жасушаларының өзін-өзі жою үдерісін тудыратындығы анықталынды. Өкінішке орай, фукоидан онкожасушаларының барлық түрлеріне әсер ете бермейді, қазіргі таңда оның қан, тері, сүт безі, асқазан, ішек және жатыр ауруларына белсенділігі анықталынды. Сонымен қатар, оның метастаздарға белсенділігі де анықталынды. Балдырлар құрамындағы фукоидан заттардың жоғары спектріне байланысты қарқынды химиялық және сәулелік терапиядан кейін ағзаның функцияларын неғұрлым тиімдірек қалпына келтіруге көмектеседі. Фукоиданның жоғары биологиялық белсенділігі оның ірі молекулялық массасымен, фукоздар мен сульфатты топтардың көп мөлшерімен байланысты. Ол адамның қан құрамын қалыпқа келтіреді және тромбтардың қалыптасуын болдырмайды, тіндерді жазылуын ынталандырады, сыртқы ортаның немесе жастық өзгерістердің салдары нәтижесінен терінің жоғалтқан иілгіштігін қалпына келтіреді. Фукоидан қайнаған кезде ыдырайды, сондықтан теңіз балдырларынан жасалған салаттарда болмайды. Фукоидан мен ламинаран полисахаридтері фагоцитозды, яғни ағзаның қан жасушалары мен тіндері (фагоциттер) үшін арнайы қатты бөлшектерді қамтып, қорытатын үдерісті ынталандырады. Жасушалардың екі түрімен жүзеге асырылады: қанда циркуляцияланатын түйіршікті лейкоциттермен (гранулоциттермен) және тінді макрофагалармен.

Ламинарандар

Ламинарандар төменгі молекулалық β-1,3-1,6-глюкандар, кең биологиялық әсерге ие: ағзаның бактериялық, вирустық, зең, паразитті инфекцияларға төзімділігін арттырады. Оларды екінші ретті иммунитет тапшылығында ынталандырушы ретінде қолданылады, яғни, ламинарандар ағзаның инфекцияға қарсы қорғанысын белсендендіреді.

Альгин қышқылы

Альгин қышқылы – қоңыр балдырлар полисахаридінен саны жағынан басым түсетін, D-маннурон қышқылы мен L-гулурон қышқылынан тұратын блоктардан құралады. Бұл тұздар металдарының – алуантүрлі қасиеттері бар альгинаттардың әр түрлі катиондарымен түзілуге қабілетті табиғи ион алмасушы. Күшті детоксикант. Суда ерімейді. Ерітілетін қосылыс алу үшін біз өнімге кальций тұзын енгіземіз және альгин қышқылы мен Ca2+ кальций катионынан тұратын альгинат кальцийін алдық. Стронций катиондары (Sr), қорғасын (Pb), барий (Ba), цезий (Cs) альгинаттардан алынған кальций катиондарымен (Ca), магниймен (Mg), натриймен (Na), калиймен (K) ығыстырылады, олардың орнын басады, себебі, балдырлардың өсімдік талшықтарын (альгин қышқылын) адам ағзасы қорытпайды, ішек арқылы сыртқа шығады. Осылайша, сіңуі үшін Д дәрумені қажет емес ығыстырылған кальций иондары қан арнасына түседі және барлық үдерістерге қатысады, кальций жүйке импульсін беруде, бұлшықеттердің қысқаруында, жүрек ырғағын реттейде, қан ұю функциясында, ОЖЖ қозуын (селкілдек тырыспа) төмендетуде, экдокринді бездердің жұмысында, аллергияларда таптырмайды. Ол қабынуға қарсы және антикоагулянтты әсерге ие. Ол жетіспеген жағдайда қалқанша жанындағы бездер қандағы оның деңгейін арттыру үшін сүйектердегі минералды қосылыстарды ерітетін гормон бөледі және оның үнемі жетіспеуі жағдайында не болатындығын болжау қиын емес. Сүйек тіні – бұл минералды заттардың өзіндік депосы. Альгинаттардың иммунитетті арттыратын әсері фагацитозды белсендендірумен (вирусқа қарсы және микробқа қарсы реакцияларды арттырады), қандағы иммунды кешендердің артық мөлшерін сіңірумен (сол арқылы қабыну және аллергиялық реакциялардың дамуын болдырмайды) байланысты. Альгинаттар тері мен тыныс алу жолдарының шырышты қабығының, микроағзалардың патогенді әсеріне қатысты асқазан-ішек жолының барьерлі функциясын жергілікті спецификалық қорғаныс антиденелер (А иммуноглобулиндерді) синтезін ынталандыру есебінен арттырады. Фагоцитозды ынталандыра отырып, альгинаттар вирусқа қарсы әсер етеді.

Гипоаллергенді әсер кальций иондарының болуына байланысты кальций альгинаттарында ерекше айқын көрсетілген, биологиялық белсенді заттардың (гистаминнің, серотониннің, брадикининнің және т.б., осы заттар бар жасуша мембраналарын күшейте отырып) шығарылуының алдын алады, нәтижесінде аллергиялық қабыну дамымайды. Альгин қышқылының тұздары холестерин мен май қышқылдарының сорбенттері болып табылады, сол арқылы, атеросклероз дамуының негізгі ықтимал себептерін жояды. Альгинаттар асқазан-ішек жолының ойық ауруларын емдеуге арналған дәрілердің құрамына кіреді, себебі, қан кетуді тоқтатуға қабілетті, антацидті қасиеттерге ие, ойық жаралардың жазылуын ынталандырады.

Күйіктердің, трофикалық жаралардың әр түрлі жараларын емдеуге арналған альгинатты жабыны бар таңғыштар шығарылады.

Мұндай таңғыштар құрғататын қасиеттерге ие, жараның тазаруын жылдамдатады, жараны инфекциялардың түсуі мен зақымдануынан қорғайды, жаралану үдерісінің жақсы өтуі мен жазылуына ықпал етеді.